"Адалдық сағаттары" » КоммунальГосударственное учреждение Кишкенетауская СШ
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
«Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 2302-04-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2020

"Адалдық сағаттары"

Бүгін, яғни 17.01.2020 жылы Мектебімізде “Адалдық сағаттары”өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы түсіндіріліп, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін үйрету болып табылады. Тәрбие сағаттары барысында адалдық қазіргі таңда адамдарға ең қажетті құндылық екені, адалдық болмаса қоғам құлдырайтыны жөнінде әңгіме өрбіді.“Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде жазылған. "Парасат" бұрышында мектеп оқушыларымен лездеме ұйымдастырылып, мектеп тәлімгері Қарсабаева М.М. "Парасаттылық және шынайылық" туралы бейнеролик пен слайд таныстырылды.