Математика пәні мұғаліміне конкурс жариялау » КоммунальГосударственное учреждение Кишкенетауская СШ
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
«Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 2302-04-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика пәні мұғаліміне конкурс жариялау
07
сентябрь
2022

Математика пәні мұғаліміне конкурс жариялау

Математика пәні мұғаліміне конкурс жариялау.

Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 21 ақпандағы N57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021 жылғы 19 қарашадағы N568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2021жылдың 22 қарашадағы N432 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1.Лауазым:
-математика пәнінің мұғалімі 15 сағат
2.Конкурсты өткізу мерзімі: 08.09.2022-15.09.2022ж. сағ: 9:00 - 18:00
3.Конкурс өткізілетін орын: Абай облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылының «Кішкенетау орта мектеп - бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4.Мекеменің мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы, Қызылту С.Сұртайұлы көшесі 39 «А»
5.Электрондық почта: kishkenetau@mail.ru
6.Біліктілік талаптары: Жоғары білімі (педагогикалық)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат;
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4.Педагогтарды үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020жылғы 30қазандағы N ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7.Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модераторының, педагог-сарапшының педагог-зерттеушінің педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10. Бос лауазымдық кандидаттың орнына толтырылған бағалау парағы (11қосымша негізінде);
Байланыс телефоны: 8(72230)2-04-23
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.09.2022-15.09.2022ж ж аралығы