01
декабрь
2023
"Өнерлі қыз, өнегелі жеңге" тақырыбында өткен жеңгесі мен қайын сіңілісі жарысы
"Даналық мектебінің" "Жеңгелер" клубының жеңге мен қайын сіңілісінің арасындағы сыйластық пен сырластығын нығайтатын "Өнерлі қыз, өнегелі жеңге" тақырыбында сайыс өтті. Сайысқа 8-сынып оқушысы Қажыкенова Аружан мен жеңгесі Қапезова Іңкәр, 9-сынып оқушысы Шакенова Іңкәр мен жеңгесі Сагындыкова Самал, 10 - сынып оқушысы Жұмағазыева Тоғжан мен жеңгесі Кулмухаметова Жәния қатысты. Нәтижесінде І орынды 389 ұпаймен 10 - сынып оқушысы Жұмағазыева Тоғжан мен жеңгесі Кулмухаметова Жәния, 8-сынып оқушысы Қажыкенова Аружан мен жеңгесі Қапезова Іңкәр, 9-сынып оқушысы Шакенова Іңкәр мен жеңгесі Сагындыкова Самал - 386 ұпаймен теңесіп, ІІ - орынды иеленді. Сайыс өте қызықты да, тартымды өтті. Әр жұп жақсы дайындықпен келгендігі көрініп тұр.













