24
февраль
2018
"Ауған асуындағы отты жылдар" әскери - спорттық сайыс
«Кішкенетау орта мектеп - бақша» КММ-де Ауған соғысының Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауған асуында от кешкендер!» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларының арасында әскери-спорттық іс-шарасы бөліп өтті. Оқушылар өздерінің АӘД пәнінен алған білімдерін көрсетті. Бұл шараға ауылымыздың интернациолист-жауынгері Қарқын Шүкіртханұлы келіп, өткізген іс-шараға өзінің бағасын берді. Іс-шара соңында өзінің басынан кешкен соғыс кезіндегі оқиғаларды әсерлі әңгімелеп, отты жылдар шежіресінен сыр шертті. Әңгімелесу барысында оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, Ауған ақиқатына көз жеткізді.
Осындай іс-шара бастауыш сынып оқушыларымен де өтті. Кездесудің оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруда тәрбиелік деңгейі зор болды.
«Кішкенетау орта мектеп - бақша» КММ
Мектеп тәлімгері Аканова Арайлым Төлегенқызы
