Ата менен немере, аяқталмас бір дастан » КоммунальГосударственное учреждение Кишкенетауская СШ
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
«Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 2302-04-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2018

Ата менен немере, аяқталмас бір дастан

Ата менен немере - аяқталмас бір дастан

«Қымбат дүние қолға түсе бермейді, қымбат сөз ауызға түсе бермейді» дейді дана халқымыз. Құнды сөз, салт-дәстүрімізді, бата – тілекті жоғалтып алмай, ұрпақтан – ұрпаққа аманат ету - бағзыдан қалыптасқан игі дәстүр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық рухани жаңғырудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Соның айғағы ретінде, Ата ақылын тыңдай білуге үйрете отырып, аталар дәстүрін жалғастыруды дәріптеу. Ұрпақтар сабақтастығын іс жүзінде дәлелдеу мақсатында «Кішкенетау орта мектеп - бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп тәлімгері Аканова Арайлым Төлегенқызының ұйымдастыруымен «Ата менен немере – аяқталмас бір дастан» тақырыбында ата мен немере байқауы өтті.
Байқауға Қызылту ауылының данагөй қарттары - Берікқызы ата, Базартай ата, Файзрахман ата және Мұрат ата немерелерімен қатысты.
Жеті айналымнан тұрған байқаудың әділ бағасын мектебіміздің директоры Шакенова Надира Маженқызы, ардагер ұстаз Нурмухаметов Ғани Кәрімұлы, «Қамқоршылық кеңесінің төрайымы» Кунтурова Алтынай Кәрімқызы және ата – аналар комитетінің мүшесі – Жұмақанова Сандуғаш Сейітқазықызы берді.
Байқау шарттары бойынша өздерін таныстырудан бастаған қатысушылар екінші кезеңде «Ата сөзі ұлықты, немере ісі қылықты» тәлім – тәрбиеге байланысты көріністерін көрсетсе, үшінші кезеңде ата мен немере бір – бірлеріне деген ыстық сезімдерін білдіріп, монолог оқыды. Ата мен немере ортаға өз өнерлерін салып, Батырлар жырынан, салт – дәстүрге, мақал – мәтелдерге байланысты сұрақтар қойылды. Ақырғы айналымда ақсақалдар сахна төрінде бата беріп, ақ тілектерін арнады.
Іс – шара барысында сахна төрінде өнерлі оқушыларымыз Рахметоллина Ажар, Пазыл Ислам мен Қапашева Балжан әннен шашу шашты.
Байқау қорытындысы бойынша, «Ата менен немере – аяқталмас бір дастан» байқауында белсене атсалысқан ақсақалдар мен немерелері І орын «Шежіре» ата, «Талапты» немере бағамымен Берікқазы ата мен немересі Аян, ІІ орын «Өнерлі» ата, «Өнерлі» немере бағамымен Базартай ата мен немересі Қобылан, ІІІ орын «Батагөй» ата, «Білімді» немере бағамымен Мұрат ата мен немересі Диас, ІІІ орын «Өнегелі» ата, «Ақылды» немере бағамымен Файзрахман ата мен немересі Ерзат иеленіп, мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды.
Байқаудың тәлім – тәрбиелік мәні өте зор болды. Қазақ шешендік өнерінің алғашқы қарлығыштары Майқы бидің, Төле бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Әйтеке бидің өсиет сөздері аталар сөзінде айшықты жарасым тауып, оқушылар жүрегіне жетіп жатты. «Құнды сөз құнарлы ойдан шығады» демекші данагөй қарияларымызға қарап, жас ұрпақ бой түзері ақиқат. Іс-шараның негегізгі түйіні бала өзінің тегін, атасын, әжесін, әке – шешесін мақтан тұтып, отбасында мейірімділікке ізгілікке негізделген қарым – қатынас орнауы үшін көпке үлгі боларлық үлкен тәлім – тәрбие болғаны баршамызды қуантты. «Аталар сөзі тәрбие көзі» екендігі тағы бір дәлелденгендей болып, байқауға қатысқан аталар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайтындықтарын, мектеппен байланыса отырып, әліде талай іс – шараларға қатысатындықтарын айтты. Мектеп ұжымының игі бастамаларына әрдайым қол ұшын беретіндіктерін білдірді. «Ұрпақ тәбиесі ортақ іс» екендігі әр кімге ой салды.



«Кішкенетау орта мектеп - бақша» КММ - нің тәрбие ісінің меңгерушісі
Кулмухаметова Сания Төкенқызы