«Кішкенетау орта мектеп-бақша» КММ-де онлайн түрінде өткен «Патриотизм- ұлттық рухтың асқақ белгісі» әндер байқауы
«Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты мектебімізде онлайн түрде 1-11 сыныптар арасында әндер байқауы өтті.
Бұл іс-шара балалардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі өнерлі оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері, жас дарындарды эстетикалық тәрбиеге, ән мәдениетіне, орынды сөйлеуге баулу. Салауатты бәсекелік рухты қалыптастыру.
Рухы биік адам болуды дәріптеу, ән деген сөзге түсінік беру, сана сезімдерін ояту.
Қазақстандық жастар арасында патриотизмді дамыту, Қазақстанның рухани және адамгершілік құндылықтарын, ұлттық мәдени дәстүрлерін насихаттау.
Оқушылардың онлайн түрінде өтетін бұл шара барысында ізденімпаздығы артып, тіл байлығын қалыптастырып, бұл шарада балалар Қазақстан бойынша танымал азаматтардың патриоттық әндерін нақышына келтіріп орындады. Ән арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізуі және ел патриоты болып, әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге құштар екенін сезінді.
Бүгінгі күні де патриоттық әндердің ролі бұрынғыдай, өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Патриоттық әндер үлкен күшке ие. Ол адамның рухын оятып, ерлікке жетелейді, жүрегіне елжандылық сезімін - Отанға деген сүйіспеншілік сезімін құяды.
Шара барысында оқушылардың ізденімпаздығы артып, тіл байлығы, сахна мәдениеті қалыптасады. Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухын дамытады. Адам бойындағы ұнамды - ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, аталы сөзден ғибрат алып, әдептілікті, сыпайылықты үйренді. Шара өскелең ұрпақтың жарқын эмоционалдық сезім тудыратыны жасырын емес, санамыздың көңіл-күй саласына әсер етеді, әлеуметтік-психологиялық, дүниетанымның патриоттық сезіміне, ізгілікке, сонымен қатар қайырымдылыққа, борыш, мақтаныш, құрмет сезімдеріне, әділдікке тәрбиелейді және қоршаған ортаға, әсемдікке деген қарым-қатынасын қалыптастырады.
Іс-шараға 1-11 сыныптар қатысып, әділқазылар шешімімен І орынды 5 – сынып оқушысы Тәңірберген Елдар, ІІ орынды 8 – сынып оқушысы Сақажанова Шұғыла, ІІІ орынды 3 – сынып оқушысы Нұрбек Елігайға берілді. «Көрермен көзайымы» бағамымен 4 – сынып оқушысы Тұрсынбекова Айша, «Рухты жігіт» бағамымен 6 – сынып оқушысы Анарбеков Нұрдәулет, «Нағыз патриот» бағамымен 11 – сынып оқушысы Мухаметқанова Назлы мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.

