«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» » КоммунальГосударственное учреждение Кишкенетауская СШ
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
«Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 2302-04-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
10
декабрь
2019

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»



Көк туымызды жоғары ұстап, өскелең ұрпақтың рухын оятып, Тәуелсіздігімізді алуымызға зор үлесін қосып, жандарын пида еткен аға –әпкелеріміздің ерлігін дәріптеу мақсатында  желтоқсан айының 10-14 жұлдызы аралығында «Кішкенетау орта мектеп- бақша» КММ –де 1-4 - сынып және  8-11-  сынып оқушылар арсында «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты тақырыбында дебат, өтті., «Елім менің»  сыныптар арасында патриоттық әндер жарысы, «Тәуелсіздіктің құндылықтары», «Отаныма деген менің бастамам» тақырыбында тәрбие сағаттары болды. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында театрлық қойылымдар қойылып, мерекелік іс шараның қорытынды кеші ұйымдастырылды. Кешіміз басталмас бұрын мектебіміздің директоры Надира Маженқызы  құттықтау сөзін айтты.   «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларын  жас ерекшеліктеріне қарай дайындалып,  Тәуелсіздігіміздің тарихын жақсы дәріптей алды. Тіпті оқушыларымызың әртістік шеберліктеріне тоқталатын болсам кәдімгі театр актерлерінен кем түспеді. Әр оқушы өзіне жүктеп алған рөлін жоғары дәрежеде ойнап, көрсете білді. Концерт көрген  көрермен болып отырған ұстаздар мен оқушылар көздеріне жас алды десем артық айтпаған болар едім.  Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салғанын, қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпайтынымызды, себебі, бұл —  қазақ халқына   Тәуелсіздік әкелген тарихтың бір парағы екенін осы қойылымдар арқылы дәлелдеп көрсете білді.  «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе?  Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалайтындарын даналы сөздерімен жеткізе білді, кеш соңында әр оқушы әділ марапатталып, еңбектері бағаланды. Бізге өз   тәуелсіздігіміз қымбат- ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып, жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат-елімізді қатарға қосып,әлемдік қауымға ендіргені үшін.Ол бізге қымбат – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді қаз қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Олай болса осы Тәуелсіздігімізді жоғалтып алмай қазақ жерін, елін, тілін,дінін құрметтей білейік. Осындай баға жетпес, тарихымызды ұмыттырмайтын іс-шараны ұйымдастырған мектеп ұстаздары мен мектебіміздің тәлімгері Майгүл Мұратқызы мен  тәрбие ісінің меңгерушісі Арайлым  Төлегенқызына айтар алғысымыз шексіз.