2019-2020 оқу жылының 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны » КоммунальГосударственное учреждение Кишкенетауская СШ
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
«Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 2302-04-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019-2020 оқу жылының 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
26
ноябрь
2019

2019-2020 оқу жылының 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Мектебімізде 1 – сыныпты «Жас Қыран»,  5 - сыныпты «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау 

салтанатты жиыны өтті. 

Оқушылардың бойында отаншылдық пен мемлекетшіл сезімін жетілдіруді, мәдени қарым-қатынастарды терең сезінуді ,адамгершілік қағидалары мен азаматтық жауапкершілікті түйсінуді, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  26.11.2019 жылы  мектебімізде 1 – сыныпты «Жас Қыран»,  5 - сыныпты «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында Мемлекеттік Гимні орындалып, «Жас Ұлан» ұйымынының туы салтанатты жиынға енгізілді. Салтанатты жиынды мектебіміздің директоры Шакенова Надира Маженқызының құттықтау сөзімен ашылды. Осы мерекеге дейін жетістіке жеткен, ғылыми жобаға қатысқан, олимпиадаға қатысқан  оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады. Мерекеге арналған әдеби монтажбен жалғасты. Ұланбасы топ басшылардан рапорттарын қабылдап, жас ұландар өмірде қандай болу керектігі туралы мағлұмат берді. 

1-5 сыныптардың ант қабылдау, төс белгі мен галустук тағу рәсіміне арнайы мектебіміздің ардагер ұстаздары  Ғани Кәрімұлы, Қайныш Шонатқызы мен Айткамал Қабдығалиқызы қатысты. Сонымен қатар бұл рәсімге мектебіміздің үздік оқушылары да өз үлестерін қосты. Ұйымға қабылданған оқушыларды құттықтап тәрбие ісінің меңгерушісі Аканова Арайлым Төлегенқызы өзінің ақ тілегін білдірді. 

Осы мерекеге орай ұстаздарды, жас ұландықтарды құттықтап 10-сынып оқушылары Шакенов Жанболат пен Кадірбеков Мирас « Менің Елбасым» ,4-сынып оқушысы Таңірберген Елдар «Отан» әндерін орындады. 

Салтанатты жиын өз деңгейінде өтті.