Ыстық тамақты ұйымдастыру
«Кішкенетау орта мектеп - бақшасы» КММ бойынша ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жататын жұмыстың қадағалануына бракеражды комиссияның АНЫҚТАМАСЫ (2022-2023 оқу жылы) қазан айы
Тексеретін мақсаты: мектеп асханасында ыстық тамақтың сапасы, нормаға сай ұйымдастырылуын қадағалау, асхананың санитарлық жағдайы
Тексеру уақыты: қазан айының 14-і
Бракеражды комиссия мүшелері:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Т.Аканова
2. Мейіриесі: Н.К.Куандыков
3.Кәсіподақ төрайымы: Г.С.Жапарова
4. Мектеп психологі: Г.К.Адилова
5. Жалпы ата-аналар комитеті: С.С.Жумаханова
Тексеру барысында анықталғаны:
1.Комиссия мүшелері порциялар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетінін атап өтті.
2. Тамақтануды ұйымдастыру: асханаға кіре берісте қол жуу үшін раковина бар, қолды сүртуге арналған қағаз сүлгілер орнатылған. Тамақтану залында әр сынып үшін жеке үстелдер дайындалады, балаларға орындар жеткілікті. Тексеру кезінде 1-4 сынып жетекшілері сынып оқушыларын өздері бірге ертіп келді.
3. Асханада бағасы мен шығымы бар "Мәзір" бұрыштамасы орналасқан.
4. Эстетикалығы: үстелдер таза сүртіледі, арнайы пайдаланылады
үстел жууға арналған керек-жарақтар, таза тәрелкелер, сынықсыз.
5. 1-4 сынып оқушылары ұйымдасқан түрде тамақтанады. Үстелдер қоңырауға дейін жайылады.
Ұсынымдар:
Ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру.
Орындаған А.Т.Аканова