«Кішкенетау орта мектеп-бақша» КММ-нің тарихы » КоммунальГосударственное учреждение Кишкенетауская СШ
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
«Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 2302-04-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кішкенетау орта мектеп-бақша» КММ-нің тарихы
04
декабрь
2019

«Кішкенетау орта мектеп-бақша» КММ-нің тарихы

«Мектептің ұзақ жолы – өшпес тарих»

1947- жылы білім ордасы бастауыш мектептен сегіз жылдық мектепке ауысып, Қызылту сегіз жылдық мектебі деп аталды.
1979-жылы мектептің жаңа ғимараты салынды. Мектеп орта мектеп мәртебесін алып, алғашқы түлектерін шығарды. 
Мектеп тарихында әр кезеңдегі директорлар алтын әріппен сақталған:
1979-1984 ж.ж -Қошанов Оңғарбай Сембайұлы 
1984-1985, 1993-1994 ж.ж-Тоқабаев Кәдірболат Түсіпұлы 
1986-1991 ж.ж- Ракишева   Валентина Каниевна
1991-1992 ж.ж- Мәкібаева Жанат Шөкішқызы 
1994-2002ж.ж- Аубакирова Гулбану Сақажанқызы
2002-2016 ж.ж- Омаров Тұрсынбек Құрманұлы
2016 жылдан- Шакенова  Надира  Маженқызы
Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің 
1993 жыл  03 ақпандағы №14 бұйрығына сәйкес:
«Қызылту орта мектебі»  «Кішкенетау орта мектебі» болып; 
2004 жыл  14 маусымдағы   №218 бұйрығына сәйкес «Кішкенетау орта мектебі» «Кішкенетау орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып; 
2016 жылы «Кішкенетау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Кішкенетау орта мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді
Міне, бұл біздің мектептің қысқаша өмірбаяны, бірақ тарихымыз әрбір оқушы мен ұстазда өз жалғасын табады. Оқушы мен ұстаз мектептің жаны, тіршілігінің тынысы. Мектеп – жай ғана ғимарат емес, мектеп – бұл ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Заман мен білім берудегі талаптар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалды, ол оқушыларға деген шынайы мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің ең басты байлығы.